Жаңадан тағайындалған  Қаржы министрі туралы қаншалықты білеміз?

110

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен  Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрі болып тағайындылды.
Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы туған, отбасылы, үш баланың әкесі. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясынан «қаржы және несие» мамандығын алып шығады. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жанындағы Халықаралық бизнес мектебін бітірген.
Еңбек жолы 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясында мұғалім болып басталған.
1998-2006 жылдары Ұлттық Банктің Зерттеу және статистика департаментінде сарапшы, бас сарапшы, сарапшы  маман, басқарма басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
2006-2014 жылдар аралығында Ұлттық банктің Координация департаментінің директоры және «Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкінің» басқарушы директоры қызметтерін атқарған.
2015-2018 жылдары Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2018 жылдан бастап Президенттің көмекшісі қызметін атқарған.
Бүгін ҚР экс-қаржы министрі Әлихан Смаилов  Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалып, оның орнын Ерұлан Жамаубаев басты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *