АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан сәтті өтті

303

АҚШ-та COVID-19-ға қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің бірінші кезеңі аяқталды. Препаратты ерікті топтарда тестілеу сәуір айында басталған еді. Бұл туралы дүйсенбі, 18 мамыр күні америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясы хабарлады .

Компанияның мәлімдемесінде mRNA-1273 вакцинасын қабылдағаннан кейін, сынаққа қатысушылардың антиденелерінің саны препараттың дозасына байланысты, СОVID-19-бен ауырып жазылған адамдардың қанындағы тиісті көрсеткіштен асып түскені, және сол деңгейде болғанын айтылған.

Алғашқы сатыда вакцинаның қауіптілігі байқалмаған. Яғни ешқандай асқынулар болмаған.Компания қорытынды сынақ шілде айында басталатынын хабарлады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *