Жәмилә Қайбуллаева: Ішектің қабыну ауруларымен күресу — басты назарда

306

19 мамыр күні Дүниежүзілік ішектің қабыну ауруларымен күрес күні атап өтіледі. Әлемнің әр түкпірінде тіркелген жағдайлар саны жылдан жылға көбеюде, ал оның ішінде сырқаттану дәстүрлі түрде төмен келетін Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей сынды елдер де бар. Қазақстандық мамандар ҚР-ның жас әлеуметтік және экономикалық белсенді халқының арасында ІҚА таралуының жоғары деңгейін атап өтуде.   М.ғ.к., С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ гастроэнтерология кафедрасының доценті, Ішекті зерттеу жөніндегі Қазақ ғылыми қоғамының президенті  Жәмилә Ахтанқызы Қайбуллаева тілшімізге ішектің қабыну аурулары туралы әңгімеледі.

— ІҚА пайда болуының себебі неде?

— Ішектің қабыну ауруларының (ІҚА) қатарындағы ойық жаралы колит (ОЖК) және Крон ауруы (КА) аутоиммунды патологияларға жатады, яғни ағзаның тіндеріне, мысалы, ішекке қатысты иммундық жүйе аутоагрессиясының дамуымен анықталмаған этиологияның аурулары. Әдетте, аурулар генетикалық бейімділіктің немесе ішектің жергілікті иммундық реакцияның бұзылуына әкелетін кей оқиғалардың аясында дамиды. Триггерлер стресс, инфекциялар және кейбір дәрі-дәрмектер болуы мүмкін.

— Бүгінгі күні Қазақстанда ІҚА ауруларының статистикасы қандай?

ІҚА көбінесе жас адамдарда, белсенді, еңбекке қабілетті халық өкілдерінде табылады: сырқаттанғандардың орташа жасы – 30 жас, пациенттердің үштен бір бөлігі мүгедектігі бар (20-34% жағдай), ал олардың арасында өлім-жітім жалпы халыққа қарағанда 40%-ға жоғары. Мүгедектікке және өлімге әкеп соқтыратын созылмалы ағым, жиі асқынулар, жас, әлеуметтік және экономикалық белсенді халық арасында кең таралудың жоғары деңгейі ІҚА-ны әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарына енгізеді. 2019 жылғы эпидемиологиялық зерттеу деректеріне сәйкес, Қазақстанда Крон ауруының таралуы 100 мың тұрғынға шаққанда 35,8 жағдайды, ойық жаралы колит – 100 мың тұрғынға шаққанда 91,5 жағдайды құрайды. Алайда, бұл статистика толық емес, себебі көптеген пациенттер амбулаториялық бөлімде қаралмайды.

— Қазіргі таңда әлемде және Қазақстанда ІҚА диагностикасы мен емінің қазіргі заманғы әдістері қандай?

— Бүгінгі таңда Қазақстанда диагностиканың барлық негізгі әдістері қол жетімді – биопсиялық материалды морфологиялық зерттеумен эндоскопиялық зерттеу, зертханалық тесттер, соның ішінде фекальді кальпротектинді анықтау (скрининг әдісі болып табылады) және сәулелік әдістер (КТ және МРТ, соның ішінде жіңішке ішектің контрасталуымен).

— Биологиялық терапия туралы айтып берсеңіз. Қазақстанда биологиялық препараттарға қол жетімділіктің жағдайы қалай?

— Биологиялық препараттар тобына иммундық жүйенің бұзылуын мақсатты басатын дәрілер жатады. Мұндай емдеу қабынуды басу, ішек тіндерінің бұзылуын және мүгедектіктің дамуын алдын алу үшін орташа және жоғары белсенділігі бар пациенттерге ұсынылады. Біздің 2017 жылы ҚР ДСМ бекіткен Диагностика мен емдеудің Ұлттық хаттамасы елде тіркелген гендік-инженерлік терапия агенттерінің негізгі топтарын қамтиды: бұл тежеуші анти-ФНОα препараттар (инфликсимаб, голимумаб, адалимумаб); интерлейкиндер 12/23 (устекинумаб) және тамыр факторына әсер ететін – ведолизумаб. Қазіргі уақытта осы емдеу түрін ТМККК шеңберінде алуға болады, яғни препараттарды станционарларда амбулаториялық түрде қабылдаудың тері астына енгізу жолымен көктамыр ішілік инфузия.

— ҚР-да Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы қалай?

— Емдеу үшін қажетті препараттардың барлық дерлік топтары Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізіміне енгізілген. Оларға базистік терапия (месалазин — ішке қабылданатын формалар ретінде, сондай-ақ ректальді), гормондық (стероидтар) және иммуносупрессивті (метотрексат) дәрілер жатады. Сондай-ақ жоғарыда атап өткендей, пациенттер амбулаториялық көмек аясында кейбір биологиялық агенттерді де ала алады.

— Біздің еліміз үшін қандай мәселелер әлі шешілмеген, әрі өзекті болып қала бермек?

— Медициналық білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, біз дәрігерлерді ІҚА мәселесі туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған түрлі жобаларға үнемі қатыстырамыз. Қазір еліміздің әр өңірінде осындай пациенттермен тәжірибесі бар мамандар бар. Біз гастроэнтерологтар мен хирургтар, балалар мен ересек денсаулық сақтау буындарының мамандары арасындағы сабақтастық мәселелерін қарастырудамыз. Менің ойымша, ерте диагностика табысты терапияның кепілі болып табылатындықтан, халықтың хабардарлығын арттыру қажет. Ең жиі кездесетін симптомдар диарея (жиі, сұйық нәжіс, дефекация кезінде қанның пайда болуы, іштің ауыруы) болып табылады. Аурудың дамуы үнемі белгілі бір сценариймен байланысты емес, қабыну типтік емес немесе ішектен тыс байқалулардан басталуы мүмкін. Сондықтан әлсіздік, қызу көтерілу, буын немесе тері симптомдарының пайда болуы, сондай-ақ салмақтың төмендеуі дәрігерге қаралудың себебі болуы тиіс.

Сондай-ақ көмек көрсетудің түрлі деңгейлерінде заманауи диагностикалық әдістерге қолжетімділікті кеңейтуге назар аудару қажет. Мәселен, кейбір тесттер мен зерттеулер тек пациенттің есебінен ғана мүмкін. Мүмкін, қандай да бір әдістемелер (мысалы, бейнекапсульді эндоскопия, кейбір қымбат тесттер) МӘМС есебінен төлеуге қосымша енгізу керек.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *