Білім министрлігі мәлімдеме жасады

182

Мектеп түлектеріне мұғалімдеріне сыйлықтар үшін ақша жиналмауы керек. Бұл туралы вице-министр Шолпан Каринова ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесі барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, сыйлықтар мен ақшалар алған жағдайда әр мектеп директоры жеке жауапкершілікке тартылады.

«Мен сіздерге білім этикасын еске салғым келеді. Барлық мектептерде сынып жетекшілеріне немесе мектепке сыйлықтар алу үшін түлектердің ата-анасынан қаражат жинауға тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесі тиісті ақпарат таратуы керек», — деді вице-министр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *