Джекфрут әлемдік нарыққа шығады

150

Джекфрут вегетариандардың ет алмастырғышына айналды.Үндістанның оңтүстік аймағында өсетін жасыл, шымыр және күшті, тәтті иісі бар үлкен джекфрутты батыстың вегетериандары ет орнына тұтынады.

Көптеген ғасырлар бойы джекфрут Оңтүстік Азия халқы үшін диеталық өнім еді. Джекфрутты жыл сайын тонналап ысырап ететін. Аса қажет те болмайтын. Сан-Францисконың бас аспаздардарының кеңесімен қолданылатын еттің баламасы, өзінің піскенге дейінгі өзгеше текстурасымен ерекшеленетін джекфрут өнімін өндіруде Үндістан алпауыт өндірушілердің біріне айналды.
«Шетелден көптеген сұраныс бар. Халықаралық деңгейде джекфрутқа деген қызығушылық бірнеше есе өсті»,- деді Варгезе Тараккан Триссур джекфрут бағы бар кәсіпкер.
Орташа салмағы 5 килограмм (11 фунт) болатын піскен жеміс, балауыз сары жұмсақ болып келеді. Оны торт, шырын, балмұздақ және чипстер жасау үшін пайдаланады.
Піспеген түрін қуырылған, туралған және бұқтырылған тамақтарға қосады. Батыста үгітілген джекфрут бұқтырылған етке балама болды және оны пицца ретінде де қолданады. «Адамдарға бұл өнім ұнайды», — дейді АҚШ және Үндістандағы мейрамханалар желісінің иесі Ану Бхамбри.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *