«Nur Suńqar» журналистер байқауына өтініштер қабылдау басталды

478

«Nur Suńqar» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды.

Қазіргі таңда «Nur Suńqar» сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді.

«Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады. Байқау шарты бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 2020 жылдың 18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады. «Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2020 жылдың 19 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-ге дейін қабылданады», — деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Жеңімпаздар 9 аталым бойынша анықталады:

— «Телевизия үздігі» – үздік телевизиялық журналист;

— «Ұшқыр қалам» – үздік газет журналисі;

— «Үнжария» – радионың үздік журналисі;

— «QazNet үздігі» – интернет басылымның үздік журналисі»;

— «Партияның «қайта жандануы» бойынша үздік материал»;

— «Елбасы салған сара жол» – Елбасы қызметін үздік жарыққа шығарғаны үшін;

— «Блогосфера үздігі» – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;

— «Алғы шеп» – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін;

— «Біз біргеміз» – волонтерлік жұмыс туралы үздің жарияланым;

Жеңімпаздар Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында марапатталады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады. Байқау ережесімен партияның сайтынан танысуға болады. Ал материалдарды ұйымдастыру комитетінің nursunqar2020@nurotan.kz электронды поштасына жолдай аласыз.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 776 777 09 22 нөміріне хабарласуға болады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *