«Барыс» хоккей клубы 3 спортшымен келісімшартқa отырды

166

Елордалық «Барыс» хоккей клубы 3 спортшымен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаушы Егор Шалапов келісімшартын 2 жылға ұзартты. Екіжақты келісімшарт бойынша Егор Шалапов 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін «Барыс» жейдесінде ойынға қатысады.

Сонымен қатар, қақпашы Хенрик Карлссонмен біржақты келісім жасалды. Жаңа құжат бойынша бір маусымға келіскен спортшы 2021 жылдың 31 сәуіріне дейін команда сапында өнер көрсетеді.

«Барыс» хоккей клубына шабуылшы Мэтт Фрэттин қайта оралды. Ол біржақты келісім негізінде 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін елордалық клуб құрамында болмақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *