Сенат Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатты

348

Асқар Смайылов пен Бауыржан Жұмағұлов басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысы сіздердің қарауларыңызға Бауыржан Тұрсынұлы Жұмағұловты және Асқар Спартакұлы Смайыловты басқа лауаузымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы ұсыным енгізді. Президент Жарлығымен Смайылов Алматы қаласы сотының төрағасы, Жұмағұлов Атырау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Осыған орай сіздерден Мемлекет басшысы ұсынымын қолдауды сұраймыз», — деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов Сенат отырысында.

Бұл шешімді Парламент Сенаты бірауыздан қолдап, дауыс берді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *