«Астана Опера» театры карантинге жабылды

324

Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» театрының ғимараты карантинге жабылды. Себебі, кеше театр қызметкерлерінің бірінен коронавирус инфекциясы анықталған. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы жағдайдан кейін театр ғимараты санитарлық жұмыстар жүргізу үшін уақытша жабылды. Қазір ғимарат та, қызметкерлерді таситын көліктер де толықтай зарарсыздандырылып жатыр. Театр қызметкерлері қазір қашықтан жұмыс істеуде. Олар күн сайын театрдың жедел штабына өзінің денсаулық жағдайы туралы есеп беріп отырады», – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, барлық қызметкерлер дәрігерлердің бақылауына алынып, үйлеріне оқшауланған. Ал театр ғимараты және қызметкерлерді таситын көліктер толығымен дезинфекциялануда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *