Техникалық құжатсыз автобөлшек сатуға тыйым салынуы мүмкін

85

Заңнамаға енгізілетін түзетулер жөнінде ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев хабарлады. Бас полицейдің сөзінше, ішкі сауда ережелеріне автобазарға барып бөлшек сатпас бұрын, көлік иесін саудагерге машинаның техникалық төлқұжаты мен өзінің жеке куәлігін көрсетуге міндеттейтін өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Министр ҚР ӘҚБК-нің 204-бабына (Пайдаланылған азық-түліктік емес тауарларды қабылдау және сату туралы заңнаманы бұзу) сатушы мен сатып алушының әкімшілік жауапкершілігін нақтылайтын өзгерістер енгізілетінін атап өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *