Каспий теңізінде су деңгейінің төмендеуі тіркелді

117

Каспий теңізінде су деңгейінің рекордтық төмендеуі тіркелді. Бұл туралы Саридегі Каспий теңізін зерттеу ұлттық орталығы хабарлады, деп жазады IRNA.

Судың орташа деңгейі 2018 жылмен салыстырғанда 13 см төмендеп, 27,18 метрді құрады.
Ұлттық орталық басшысының айтуынша: «Басты себеп, Каспий теңізіне енетін судың шамамен 80 пайызын қамтамасыз ететін Еділ өзені су ағысының төмендеуі».

Тағы бір себеп — теңіз температурасының жоғарылауы.

Зерттеу көрсеткендей, ұзақ мерзімді перспективада Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі жыл сайынғы ауытқумен жалғасады. Бұл климаттың өзгеруі және судың булануымен байланысты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *