UFC келесі турнирді қайда өткізетіні белгілі болды

197

Las Vegas Review-Journal журналы UFC президенті Дэна Уайт промоушеннің келесі турнирі 30 мамыр күні Лас-Вегаста болатынын растағанын жазды.

Невада штатының Атлетикалық комиссиясы штат аумағында спорт шараларын өткізуді әлі мақұлдаған жоқ. Бірақ Уайттың айтуынша, комиссия Лас-Вегас аумағында турнирді көрерменсіз өткізу идеясын толығымен қолдайды.

Еске сала кетейік, UFC екі апта ішінде үш турнир өткізген болатын. 9 мамырда UFC 249, 14-і күні UFC Fight Night 171 турнирі және 16-сында UFC Fight Night 172 шоуы өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *