1 маусымда армениялық көліктер есепке қойыла бастайды

81

Алматы қаласындағы Полиция департаментінде Армениядан әкелінген көліктерді тіркелу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алу үшін Call-орталық жұмыс істейді. «Шұғыл желі» жұмыс кестесі: 9.00-ден 19.00-ге дейін. Call-орталық номері: 8-747-080-01-56; 298-50-71.

«Үкіметіміздің қаулысы» (Қазақстанға әкелудің және қазақстандықтардың Арменияда тіркелген жеке көлік құралдарын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы), қазақстандықтарға Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркеуге мүмкіндік берді. Үкімет тұрғындардың 2020 жылдың 1 ақпанға дейін Армениядан әкелген автокөліктерді тіркеуге шешім қабылдады. Екіншіден, осы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында тіркеу жүргізу қажет. Үшіншіден, тек сол жақтағы басқару элементтері бар автокөліктер тіркеуге жатады. Төртіншіден, үш төлеммен шектеу туралы шешім қабылданды: тіркеу жарнасы – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем – 3 мың 473 теңге және мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін – 7 мың 778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы 11 мың 946 теңгені құрайды», – деп түсіндірді Алматы қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар, спикер көлік құралдарын тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажеттігін айтып өтті:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) мемлекеттік тіркеу алымының төленгені туралы құжаттар ҚР Салық кодексінің 615-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің және мемлекеттік баждың 0,25% мөлшерінде;

3) Армения Республикасының уәкілетті органы шығарған көлік құралдарына арналған СРТС және МТНБ;

4) автокөлік құралдарын тіркеуге ұсынылған, мемлекеттік немесе орыс тілдерінен басқа тілде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған және аударманың дәлдігі туралы нотариустың немесе осындай әрекеттерді жасауға уәкілеттік берілген басқа адамның қолтаңбасы болуы керек;

5) арнайы жазбаларға келесі жазбалар енгізіледі: «TСРА» және «басқа тұлға үшін тіркеуге жатпайды»;

6) Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралында СРТС және (немесе) МТНБ жоғалған жағдайда, олардың жоғалу жағдайлары жазбаша түрде көрсетіледі;

7) МТНБ жоғалған жағдайда, көшірмесін беру бірыңғай ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізбестен оларды жасау арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ Нұрлан Алмасбеков ҚР 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген көлік құралдарын тіркеуге рұқсат етілмейтінін, сонымен қатар, Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында меншік иесі ретінде көрсетілмеген адамдарға тіркеу жүргізілмейтінін айтты.

Арнайы мақсаттағы ұйымдардың мекен-жайы:

№1 шағын ауданда орналасқан арнайы орталық: Саялы ықшам ауданы, Ақ-Қайнар көшесі;

№ 2 арнайы орталық, Майлина көшесі 85-те орналасқан;

№3 арнайы орталық, Құлагер шағын ауданы. Серикова көшесі, 6;

№4 арнайы орталық, Қайрат шағын ауданы, 181 (“Жетісу” базары);

№ 5 арнайы орталық, “Кемел” шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *