Жүзуден әлем чемпионаты 2021 жылға қалдырылды

157

Жүзу бойынша қысқа қашықықта жүзуден әлем чемпионаты кейінге шегерілді. Бұл туралы Халықаралық жүзу федерациясының (FINA) сайтында мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды prosports.kz.

Жылдың маңызды додасын кейінге шегеруге коронавирус пандемиясы себеп болған. Осылайша, 2020 жылдың желтоқсан айына жоспарланған әлем чемпионаты 2021 жылға қалдырылды.

Аталған дүниежүзілік біріншілік Әбу-Дабиде 15-20 желтоқсанға жоспарланған болатын. Енді турнир БАӘ астанасында 2021 жылы 13-18 желтоқсан күні өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *