YouTube COVID-19 туралы жалған ақпараты бар видеоларды өшіреді

142

YouTube видеохостингі коронавирус туралы бейнеге қатысты жаңа саясаттың ережелерін жариялады.
COVID-19 туралы жалған ақпарат бар роликтер бұғатталады.. Бұл туралы видео хостингті қолдау парағында хабарлады.

Жаңа ереже бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының немесе жергілікті биліктің деректеріне қайшы келетін ақпарат жалған деп есептеледі. Бұғаттауға әкелуі мүмкін жалған ақпарат тарату тақырыптары: «Емдеу, алдын-алу, диагноз және коронавирустың берілу әдістері»

Мысалы, «Коронавирус жоқ және одан адамдар өлмейді» деген тақырыптағы видеолар, сондай-ақ дәрігерге барудың орнына өзін-өзі емдеуге және қандай да бір дұға мен рәсімдерді пайдалануға шақыру видеолары өшіріледі.

Бұған қоса, YouTube вакцина немесе коронавирусқа қарсы профилактика туралы видеоларды блоктауға ниетті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *