Қазақстандағы әуе қатынасы қашан қалпына келеді?

93

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздің барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы 25 мамырдан бастап қалпына келетіндігін мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның барлық әуежайлары жұмыс істей бастайды, ал әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес белгілейді.

Әуе кемелерінде көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтай отырып, яғни жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, сенсор термометрмен дене қызуын өлшеу, әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы ұшады және әуежайлар мен ұшақтарда күшейтілген залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *