Біртанов 18 күнде салынған Алматыдағы госпитальге барды

263

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласындағы жаңадан салынған жұқпалы аурулар ауруханасына барып, коронавирустан емделіп жатқан пациенттердің жағдайын білді. Миниср модульдік кешенде орналасқан «И.С. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» филиалында еңбек етіп жатқан дәрігерлермен жүздесті және науқастардың да жағдайын сұрады.

Жұқпалы аурулар ауруханасында 280 төсек-орын, 6 клиникалық бөлімше, 28 төсектік реанимация бөлімшесі бар. Онда рентген жүйесі, компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика аппараттары, эндоскопиялық жабдықтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, мониторлар, перфузорлар және т. б. медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Елжан Біртанов қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге ерекше тоқталды. Министр әріптестеріне қиын да, жауапты сәтте көрсеткен адал қызметі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, ол медицина қызметкерлеріне арналған қосымша төлемдерге қатысты сөз қозғады.⠀

Жұқпалы аурулар ауруханасы 26 сәуірден бастап короновирус инфекциясын жұқтырған науқастарды қабылдауды бастады. Қазір COVID-19 диагнозымен 251 пациент ем алып жатыр.

azattyq-ruhy.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *