Бүгін — Халықаралық биологиялық әралуандық күні

345

Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Бүгін — Халықаралық биологиялық әралуандық күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы 2000 жылғы 30 желтоқсанда 22 мамырды Халықаралық биологиялық әралуандық күні деп жариялады, сондай-ақ осы күні Биологиялық әралуандық туралы конвенция қабылданды.

Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Бұған дейін аталмыш күн 29 желтоқсанда аталып өтілетін. Қазақстанның экологиялық жүйесі бірегей биологиялық әралуандығымен ерекшеленеді. Жалпы Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңға жуық түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңға жуығы саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерін қоспағанда, 161 тұқымдасқа және 1120 туысқа жататын 6 мыңнан астам түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін — эндемиктер.

Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Қазақстан жануарларға да өте бай. Сүтқоректінің 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қосмекенділердің 12, балықтың 104-ке жуық түрі мекен етеді. Ал омыртқасыз жәндіктер, шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі 30 мыңнан асады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, қорғауға алынған аңдардың 40, құстың 56, бауырымен жорғалаушылардың 10, қосмекенділердің 3, балықтың 16 түрі бар.

Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz

Суреттерді түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *