Жыл басынан бері «Сергек» камералары арқылы 436 миллион теңге айыппұл салынды

151

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы қылмыстық ахуал туралы өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Алматыда 404 «Сергек» кешені жұмыс істейді. 2020 жылдың аяғына дейін қосымша 380 камераны (210 жол қиылысы, 170 жол белгілері көрсетілген аймақтарда) орнату жоспарлануда. 2020 жылдың 4 айында «Сергек» АПК камераларында 60 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы анықталды. 436 миллион теңгеден астам сомада айыппұл салынды.  Сондай-ақ, қалада 105 посттан тұратын «БДД» ААЖ құрылды. Камералар орнатылған жерлерде жыл сайын жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы 20% -ға төмендеуде.  Осы жылдың 4 айында «БДД» ААЖ 77 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады.  394 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», – деді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов.

Жыл басынан бері қала жолдарында 214 506 жол ережелерін бұзу фактілері анықталған. Оған жалпы сомасы 1 млрд 267 млн 533 мың теңге айыппұл салынды.

«Әкімшілік жауапкершілікке 76 мың 648 ереже бұзушы тартылды. Оның ішінде 74 мың 479 жүргізуші,  276 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Сот 379 жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айырды. 235 жүргізуші  әкімшілік қамауға алынды. Қаладағы көліктер паркі – 536 мың 341 көлікті құрайды», – деді Қанат Таймерденов.

 

inbusiness.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *