Қытай әскери бюджетін 6,6%-ға арттырды

158

Қытай дағдарысқа қарамастан әскери бюджетін 6,6 пайызға көтерді.

Бұл — 1991 жылдан бергі ең баяу өсім. Билік қорғаныс үшін 178 млрд доллар қарастырып отыр. Шығыстағы көршіміз қауіпсіздігіне жалпы ішкі өнімінің 1,3 пайызын жұмсайды.

Салыстырмалы түрде алғанда шығын бүкіл әлемдік орташа көрсеткіштен айтарлықтай төмен. Алайда, сала сарапшылары Бейжің шынайы ақпаратты жасыратынын, бұл ел әскеріне жалпы ішкі өнімінің 2 пайызы көлеміндегі қаржы бөлетінін айтады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *