«Самұрық-Энерго» өзінің шығысын қысқартады         

512

«Самұрық-Энерго» АҚ 2020 жылы өзінің шығыстарын 18,5 млрд. теңгеге қысқартады. Бұл жерде сөз ағымдағы шығыстарды да, күрделі сипаттағы шығыстарды да оңтайландыру туралы болып отыр. Қысқарту жөніндегі іc-шаралар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.

Ағымдағы жылғы наурызда Қордың топ-менеджменті мен портфельдік компаниялардың басшылары қалыптасқан  күрделі халықаралық жағдайды ескере отырып,іске асырылған және болуы ықтимал тәуекелдердіназарға алу механизмдерін талқылағаны белгілі. Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазынаның» құрамына кіретін компаниялардың алдына кең ауқымды міндеттер қойылып,нақты тапсырмалар берілген болатын, солардың қатарында – өздерінің өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстарды қысқарту.

Операциялық шығыстармен қатар, компания күрделі сипаттағы шығыстарын да қайта қарады, бұлар бойынша оңтайландыру 15,8 млрд. теңгені, немесе жалпы инвестициялық шығыстардың 13%-ін құрайды.Мыналар оңтайландырылды:

— Инвестициялық жобалар, сомасы 9,3 млрд. теңге;

— Өндірістік активтерді жұмыс бабында ұстауға кететін шығыстар –2,3 млрд. теңге, әкімшілік активтерді ұстауға кететін шығыстар – 36 млн. теңге;

— Өзге де күрделі шығыстар 4,2 млрд. теңге мөлшерінде.

Бүгінгі күні Корпоративтік орталықтың 30% қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшірілген.

Тұтас алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергетикасы және көмір өндіру салаларындағы жұмысы қазіргі кезде штаттық режимде іске асырылуда.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *