Сардоба су қоймасындағы бөгетті бұзған күдіктілер қамауға алынды

365

Өзбекстанның Бас прокуратурасы Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық іс бойынша екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды h-news.kz Өзбекстан Бас прокуратурасының телеграм парақшасына сілтеме жасап.
⠀ — Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті ретінде тартылды, оларға қатысты «қамауға алу» шарасы қолданылған, — делінген прокуратура хабарламасында.

Сардоба су қоймасы бойынша ақиқатты анықтауға кедергі болатын жағдайларды болдырмау үшін қалған мәліметтер жария етілмеді. Тергеу амалдары жалғасуда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *