Алматы облысында COVID-19 анықтайтын 7-ші зертхана іске қосылады

478

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов жаңадан іске қосылғалы жатқан Covid-19 инфекциясын анықтайтын 7-ші зертхананы аралып шықты.

Облыс әкімінің орынбасары Батырдан Байжұмановтың айтуынша, жаңа орталықты салу жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жүзеге асырылды. Құрылысы аяқталған ғимаратты маусым айында ашу жоспарланған.

— 3 қабатты зертхана консультативті-диагностикалық қызмет көрсететін мекеме болмақ. Зертхананың құрылыс жұмыстарын бұдан неғұрлым ерте мерзімде аяқтау жоспарланғанымен, індеттің таралуы құрылыстың біраз кешіктірілуіне себеп болған. Дегенмен бүгінгі күні құрылыс жұмыстары, ішкі әрлеуі толық аяқталған, қажетті құрал-жабдықтар әкелінген, іске қосуға дайын, деген анықтаманы «Олимп» клинико-диагностикалық зертхананың Алматы облыстық филиалының директоры Арман Шаухин берді.

Облыс әкімінің орынбасары бүгінгі күні өңірде COVID-19 инфекциясына тексерудің тәулігіне 2,5 мың зерттеуі жасалса, осы зертхана іске қосылғаннан кейін зерттеулердің санын 3 мыңға жеткізуге мүмкіндік бар екенін айтты. Ал жалпы облыста бүгінге дейін 38 мыңнан астам зерттеулер жасалған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *