Блокпостағы кептеліс бүгін-ертең шешіледі

306

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов қалаға кіреберістегі кептелістерге қатысты түсінік берді.

«Қазір қалада 700 полиция қызметкері 22 блокпоста 2-3 ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Бір блокпосқа 10 адамнан келеді. Алайда, біз блокпостың периметрін де ескеруіміз керек. Ол территория да бақылауды қажет етеді. Қазір карантин шараларының бәсеңсуіне байланысты қалаға кіретін-шығатын көліктердің саны артып келеді», — деді Ерлан Қожағапанов. Оның айтуынша, қазір әр блокпоста полиция қызметкерлерінің қолына берілетін планшеттер саны көбейген. «Біз 1-2 күнде осы мәселені шешеміз», — деді ол. Бұған дейін карантин режимінің сақталуын бақылайтын полиция қызметкерлерінің саны артқанын жазған болатынбыз.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *