Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

457

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Kazgazeta.kz  ілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, зор денсаулық пен толағай табыс, ал бауырлас Қазақстан мен Түркия халқына бақ-береке тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған әлемдегі коронавирус пандемиясы жағдайын талқылап, бұл жаһандық дағдарысты сәтті еңсеру үшін халықаралық күш-жігерді біріктіруді қолдады.

Әңгіме соңында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия тарапы бастамашы болды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *