Орта салмақтағы әлемнің үздік боксшыларының тізімі жаңартылды

342

Әлемге әйгілі The Ring журналы орта салмақтағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингісі жариялады.

Орта салмақтағы чемпион бөлек шығарылған. The Ring мексикалық боксшы Сауль Альваресті (53-1-2, 36 КО) чемпион деп санайды.

Сауль Альварес қазіргі уақытта WBA Super титулының иегері. Ал WBC тұжырымы бойынша «құрметті» чемпион.

Рейтингте бірінші орында – IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин тұр. Екінші орынға – WBO белбеуінің иегері америкалық боксшы Деметриус Андраде жайғасқан. Үздік үштікті АҚШ боксшысы Джермалл Чарло түйіндеді.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақта үздік боксшылардың жаңартылған ондығы мынадай:

Чемпион — Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО)

1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО)

2. Деметриус Андраде (29-0, 18 КО)

3. Джермалл Чарло (30-0, 22 КО)

4. Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО)

5. Риота Мурата (16-2, 13 КО)

6. Камил Шеремета (21-0, 5 КО)

7. кіші Крис Юбэнк (29-2, 22 КО)

8. Мацей Сулецки (28-2, 11 КО)

9. Роб Брант (25-2, 17 КО)

10. Лиам Уильямс (22-2-1, 17 КО)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *