Бостон марафоны өтпейтін болды

387

АҚШ-тың Бостон қаласында өтетін әлемдегі ең көне марафон жарысының ұйымдастырушылары 2020 жылы коронавирус індетіне байланысты оның тоқтатылатынын хабарлады. Мәлімдеме марафон сайтында жарияланған.

Бастапқыда жарыс 20 сәуірге жоспарланған болатын. Осыдан кейін олар оны 14 қыркүйекке ауыстыруды ұйғарды.

Бостон марафонының атқарушы директоры Том Грилк: «Біздің басты міндетіміз — біздің қызметкерлер, қатысушылар, еріктілер, көрермендер, жанкүйерлер мен қоғамның денсаулығын сақтау» -деп пікір білдірді.

Ұйымдастырушылар марафонды виртуалды форматта өткізуге ниетті. Нағыз жарысқа тіркелгендердің барлығы марафонның виртуалды нұсқасына қатыса алады. Мәлімдемеде жарысқа қатысу жарнасы ретінде қаражат аударған адамдардың бәріне олардың ақшалары міндетті түрде қайтарылатыны айтылған.

124 жылдық тарихы бар Бостон марафонының тоқтатылуы бірінші рет орын алып тұр. Жарыс алғаш рет 1897 жылы өткен.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *