Полиция бастығы адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

220

«Бурабай ауданының полиция бөліміне АО «Қазавтожол» терминалында жаяу жүргіншіні көлік қаққаны және оның оқиға орнында көз жұмғаны туралы қоңырау түсті. Марқұм 54 жастағы Көкшетау тұрғыны» — деп мәлімет берді тәртіп сақшылары.

Нұрлан Жүнісов есімді азамат жүк көлігінің жүргізушісі болған екен. Макинск қаласына жол тартқан. Ол Бурабай маңындағы ақылы терминалдан өтпек болып кезекке тұрады да, көліктен түскен сәтте Mercedes-Benz 190-ның астына түседі.

Куәгерлердің айтуынша, Нұрлан бірнеше метрге ұшып кеткен. Ал Mercedes маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші тоқтамастан Макинск жаққа жүйітки жөнелген. Оқиғаға кінәлі азамат тек қалада қолға түскен. Кейін көлік рөлінде Макинка бекетіндегі полиция бөлімшесінің басшысы майор Ролан Қанғожин отырғаны белгілі болды. Оның жол апаты болған сәтте мас болған-болмағаны белгісіз. Себебі сараптама қорытындысы жарияланған жоқ. Қазіргі уақытта ол қызметінен қуылып, қамауға алынды.

Экс-полицейге қатысты  ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі ережесін бұзуы) бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш бапқа сәйкес,  Қанғожин 5 жылға темір торға тоғытылып,  көлік жүргізу куәлігінен айырылуы мүмкін.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *