Нұр-Сұлтанда алаяқтық өршіп тұр

451

Соңғы 4 айдың өзінде елордада мыңнан астам алаяқтық оқиға тіркелген. Одан 1300-ге жуық адам зардап шегіп, 3 млрд теңгеге жуық қаржылай шығын келген. Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілердегі жарнамаға сеніп, сан соғып қалып жатқандар көп. Мәселен, тек қана интернет алаяқтыққа қатысты 500-ге тарта қылмыстық іс тіркеліпті. Ал ғаламтордағы алаяқты табудың өз қиындықтары бар.

Мәселен, интернет-дүкендер әлемнің кез келген елінде виртуалды тіркелуі мүмкін. Көбіне оларды анықтауға мүмкіндік бола бермейді. Айлакерлер ең алдымен ақшаны алып алу үшін түрлі қитұрқы әрекеттерге барады. Қаржылық пирамидада дәл солай. Алаяқтар халықты оңай олжа табуға болады деп сендіреді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері республика тұрғындарына онлайн сатып алу операцияларын тек қана ресми тіркелген интернет-дүкендері арқылы жүргізуге кеңес береді. Сонымен қатар, ғаламтор арқылы тауарға тапсырыс беру барысында алдын-ала төлем жасау шарттарынан бас тартқандарыңыз абзал.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *