«Теңіз» кенішінде карантиндік шектеу 12 маусымға дейін ұзартылды

198

«Теңіз» кенішіндегі  ахуал әлі де күрделі. Бір тәулікте 19 адамнан коронавирус белгілері анықталды. Індет жұқтырғандардың жалпы саны 961-ге жетті. Қазір кен алаңына кіріп-шығуға тыйым салынған. Тек түнгі уақытта жұмыс істейтін мамандар мен медицина қызметкерлерінің ғана қозғалуына рұқсат берілді.

Алмагүл Көшкінбаева, тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы: – «Теңіз» кенішіне кіріп-шығу шектеледі. Тек аса қажетті мамандар мен азық-түлік, медициналық препараттармен қамтамасыз етуші ұйым өкілдері ғана өткізіледі. Сонымен қатар вахталық мерзімі аяқталған жұмысшылар тұрғылықты мекен жайларына қайтуына рұқсат етіледі.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *