Армения премьері Никол Пашинян коронавирус жұқтырды

351

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті.

Бұл туралы Пашинянның өзі Facebook-те жүргізген тікелей эфирінде айтты.

Үкімет басшысының айтуынша, әзірге аурудың соншалық белгілері сезілмейді, ол қазір тек коронавирусты өз маңайында жүретін қарт адамдарға жұқтырып алар ма екенмін деп алаңдайды.

«Резиденциядан шықпай жұмыс істеймін. Ол жерде қажеттінің бәрі бар», – деді Пашинян.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *