Көлік полицейлері үйлері өртенген отбасының балаларын қуантты

144

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері көпбалалы бір отбасыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Мереке карсаңындағы көмек – сәуір айында үйлері өртеніп, баспанасыз қалған төрт баланың анасы Меруерт Абдикаримованың отбасына арналды. Шара барысында көлік полицейлері балаларды төл мерекелерімен құттықтап, оларды киім-кешек, азық-түлік, оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, балаларға тәттілер мен ойыншықтарды тарту етті.

 

«Бір отбасының үйлері өртеніп, баспанасыз қалғанын естідік. Бұл қиын жағдай. Ең бастысы, балалар аман. Бүгін осы отбасыға аз да болсын көмек көрсетіп, қолдау білдіргіміз келді. Балалардың қуанышын көруден асқан бақыт жоқ. Балаларымыз әркез аман болсын», – дейді департаменттің тергеу басқармасы кызметкері Руслан Есалин.

Оның айтуынша, көлік полицейлері бұған дейін де “16 қайырымды іс”, “Біз біргеміз” акциялары аясында бірнеше іс-шаралар өткізген. Бұл шара да сол игі істердің жалғасы.

Полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтық борыш ретінде қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Бүгінгі қайырымдылық іс те, тек жақсылыққа арналды.

«Балалық шақ – адам өміріндегі ең алаңсыз, бақытты шақ. Сондықтан, біздер, балаларға есте қаларлық мерекелік көңіл күй сыйлауды мақсат еттік», – дейді тәртіп сақшылары.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *