Қазақстанда қанша бала түрмеде отыр?

235

Биыл 665 балалар қылмысы тіркелген.

Кәмелетке толмаған қазақстандықтар арасындағы қылмыстар саны 10%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция бөлімінің бастығы Әсет Оспанов мәлімдеді.

“2014 жылы кәмелетке толмағандар бойынша 3 533 қылмыстық іс тіркелді, 2015 жылғы бұл көрсеткіш — 2 923, 2016 жылы — 3 291, 2017 жылы — 3 121, 2018 жылы — 2 920, 2019 жылы — 2 645, ал биыл балалар 665 қылмыс жасаған, яғни кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 10%-ке төмендеген”, — деді Әсет Оспанов Facebook-тегі онлайн-конференция барысында.

Оның айтуынша, түрмеде шамамен 40 жасөспірім бар, жыл басында олардың саны 42 болған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *