Талғат Шайкен MTK GLOBAL промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды

444

Талантты боксшы Талғат Шайкен MTK GLOBAL промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды.
Талғат — Жасөспірімдер Олимпиадасының финалисті, Азия чемпионы және бірнеше ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Өткен жылы Талғат Шайкен ересектер арасындағы турнирлерде сәтті өнер көрсетіп, әуесқой деңгейдегі қарсыластарының барлығынан басым түсті.
Акмола облысының тумасы әуесқойлар арасындағы жарыстарда бірнеше қарсыласын нокаутқа жіберіп, өзінің кәсіпқой деңгейде де сәтті өнер көрсете алатындығын дәлелдеді.
MTK GLOBAL KAZAKHSTAN компаниясының басшысы Асқар Салықбаев, еліміздегі алдыңғы қатарлы боксшылардың бірімен келісімшартқа отыруды, ұзақ мерзімге жасалған «сәтті инвестиция» деп бағалады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *