Сенатта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы талқыланды

162

Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен және жұртшылық өкілдерімен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасын талқылады.

Өз сөзінде Сенат Төрағасы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Президенттіңденсаулық сақтау мәселелеріне ерекшеназар аударғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы медициналық инфрақұрылымды дамыту, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту, дәрігерлердің жалақысын арттыру жөнінденақты міндеттер қойып отыр. Президентіміздің тапсырмасын орындау аясында, Кодекс қабылданғаннан кейін отандық медицинадағы мәселелерді оң шешуге өз үлесін қосатын болады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, Төрағаіндетпен күресте ерен еңбегімен көзге түсіп, жанкештілік танытқан еліміздегі барша медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Кодекс жобасын әзірлеушілердің айтуынша, құжаттақоғам денсаулығынқорғауды күшейтуге, ұлттың денсаулығын нығайтуға, мемлекет пен жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігін күшейтуге, цифрлық денсаулық сақтау саласын дамытуға,медицина қызметкерлерініңмәртебесін көтеруге арналған нормалар бар. Соған байланысты ілеспе түзетулермен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіледі.

Жобаның қабылдануы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды тиімді реттеуге ықпал етеді.

Сонымен қатар жаңадан енгізілетін ережелер заңнамалық қайшылықтарды азайтуға және денсаулық сақтаудың деңгейін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, кодекс жобасында медицинаны дамытудың өзекті мәселелерін шешуді және халықтың денсаулығын қорғау жүйесін жақсарту бойынша тиімді шараларды көздейтін түзетулер қамтылып отыр.

Отырысқа Сенат депутаттары, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, сондай-ақ,сарапшы мамандар мен қоғамның белсенді өкілдері қатысты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *