Елімізде үлескерлер мәселесін шешуге 78 млрд теңге жұмсалмақ

231

Бұл — 2018-2020 жылдар аралығында елде аяқталмай қалған тұрғын үй құрылысын жалғастыруға бөлінген қаржы. Мұны Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, проблемалы нысандар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында орналасқан. Оңтүстік мегаполисте екі мәселелі нысан болса, елордада 42-сі бар. Олардың 60%-ы үлескерлік құрылысқа жатады.

Сонымен бірге, бас қаладағы 32 нысанды «Елорда Құрылыс» компаниясы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы көмегімен, тағы 10 жоба жеке инвесторлар мен үлескерлердің өз күштерімен аяқталады деп жоспарланған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *