Түркістан тұрғыны үйінде 13 келі есірткі сақтаған

206

Түркістан облысының полицейлері “Қарасора-2020” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 13 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен биыл 1 маусым мен 31 қазан күндері аралығында облыс аумағында “Қарасора-2020” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – есірткіге қатысты құқықбұзушылық жайттары мен қылмыстардың алдын алуда, тиісті органдар мен ведомстволар өзара бірлесе отырып күресу арқылы, есірткі заты бар өсімдіктерді өсіп-баптаудың алдын-алу, героин трафигін жою, сондай-ақ есірткі, оның ішінде жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою болып табылады.

«Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аудан, қалалық ПБ бөлімдерімен бірлесіп “Қарасора-2020” жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулігінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты сегіз құқық бұзушылық деректерін анықтап тіркеді. Оның ішінде екі жайт (аса ірі көлеміндегі есірткі сақтау), төрт жайт (есірткі өсімдігін заңсыз егу) және екі жайт қылмыстық теріс қылықтары бойынша тіркелді. Осы аралықта заңсыз айналымнан 13 келіден астам есірткі заттары тәркіленді», – дейді ТО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбек Әлібекұлы.

1 маусым күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Келес ауданында есірткі сақтаған күдіктіні ұстады. Жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде құрамында көкнәр тұзына ұқсас өсімдік тектес есірткі заты бар бірнеше қапты тапты. Сараптама қорытындысы бойынша, алынған есірткі заты жалпы салмағы 12,5 келі болатын кептірілген көкнәр сабаны екені анықталды.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері алдағы уақытта істің толық мән-жайын анықтап , ер адамның есірткіні қандай мақсатта сақтағанын анықтайды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *