2 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды

79

Осы жылдың 3 айында 2 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында веб-портал арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бақылауға арналған пилоттық жоба іске қосылды. Оның нәтижесінде жалпы алаңы 7,3 млн гектарды құрайтын 9061 пайдаланылмаған жайылымдық алқап анықталған.

Оның ішінде:

Ақмола облысында – ауданы 1,6 млн га жерді құрайтын 3182 жер учаскесі,
ШҚО-да – 2 374 жер учаскесі (1,3 млн га),
Қостанай облысында — 3 330 жер учаскесі (1,9 млн га),
Маңғыстау облысында — 175 жер учаскесі (2,5 млн га).




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *