Елордада мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған автошеру өтті

132

Елордада мемлекеттік рәміздер мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты автошеру өтті.

 «Бүгін мемлекеттік рәміздерімізге 28 жыл толып отыр. Осынау мерекеге орай салтанатты автошеру өткізуді жөн көрдік. Бұл шараның басты мақсаты — ұлттық құндылықтарымызға балайтын рәміздерімізге деген сүйіспеншілік сезімді ояту. Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашы кезеңде 28 автомобиль мен 28 мотоциклдің қатысуымен 28 шақырымдық шеру болады», — деді шеру басталар алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Нұр-Сұлтан қалалық жастар мәселелері басқармасының «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев. Оның атап өтуінше, екінші кезеңде шеруге қатысушылар Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай «Отан қорғаушылар» алаңына барады. Онда волонтерлер майдангерлеріміздің ерлігіне тағзым ретінде 75 гүл шоғын қояды.

Үшінші кезеңде суда жүзетін көлік құралдарымен 28 шақырымдық шеру өтеді. Автошеруге 100-ге жуық қала тұрғыны мен еріктілер қатысты. Бұл шаралар легі кешке дейін жалғасады. Шеруге қатысушылардың барлығы қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген және оларға карантин режимі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық берілген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *