Елбасы «ҚазМұнайГазды» қайта құруды тапсырды

143

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» компаниясын қайта құрып, құрамындағы компанияларды бөлек шығару ұсынысын қолданды.

«ҚазМұнайГаз» құрамындағы «ҚазТрансГаз» бен «ҚазТрансОйл» компанияларын «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниялары ретінде бөлу жолымен қайта құру ұсынысын қолдаймын. Бұл «ҚазМұнайГаздың» басты жұмысына – мұнайды барлау, қазу және қайта өңдеуге көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Ал көліктік компаниялар транспорттық маршрутты әртараптандыруға жағдай жасайды. Қордың басшылығына осы мәселені тез арада қарап, шешім қабылдауға тапсырма беремін», — деді Н. Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жұмысына баға берген еді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *