Нұр-Сұлтанда электробус саны 200-ге жетеді

336

Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаладағы автобус паркі жуырда Қостанайда құрастырылған электробустармен толығады. Алғашқы жүз көлікті инвестор өз қаражатына алады. Бұл жобаны жергілікті билік мақұлдады.

Электробустардың елорда көшелерінде жүйткіп жүргенін айта кеткен жөн. Өткен жылы шенділер 12 метрлік жүз Yutong ZK6128BEVG алмақ болған. Ол үшін қазынадан 14.6 млрд теңге жұмсалуы тиіс еді. Алғашқы 15 электрлі автобус 2020 жылдың қаңтарында жолға шықты.

Электробустар эксплуатациялық шығынды 80 %-ға төмендетеді. Себебі дизельді отын үшін бір тәулікте 25 мың теңге жұмсалса, электр қуаты одан 5 есе арзан.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *