Apple компаниясы ұрланған смартфондарды бұғаттайды

131

Apple компаниясы АҚШ-тағы наразылық кезінде компания дүкендерінен ұрланған смартфондарды қадағалап, бұғаттайды деп хабарлайды  CNN.

Арнаның хабарлауынша, Apple компаниясынан ұрланған телефондарға келетін хабарламалардың скриншоттары осы аптаның басында әлеуметтік желілерде және түрлі сайттарда пайда бола бастаған. Оларда компания қолданушыға телефонның бұғатталып, бақылауға алынғандығын,  және оны дүкенге қайтаруды сұрайды. Ал мекен-жайы хабарламада тіркеледі.

«Құрылғы толығымен ажыратылған және бақыланады. Жергілікті билік органдарына хабарланатын болады», — деп мәләмдеді телеарна.
Компания аталмыш тақырып бойынша түсінік беруден бас тартты.

Айта кетейік, АҚШ-тағы бренд дүкендері жаңа коронавирустық инфекцияның басталуына байланысты уақытша жабылғаннан кейін, жақында ғана ашыла бастаған еді. Олардың кейбіреулері, соның ішінде Нью-Йорк, Филадельфия және Вашингтондағы дүкендер ұрлық пен вандализм туралы хабарлаған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *