Зейнетақы қоры «Қазақтелеком» компаниясының 10% акциясын сатып алады

316

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Қазақтелеком» компаниясының 10% акциясын сатып алады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов хабарлады.

«Қор (Самұрық-Қазына) «Қазақтелеком» компаниясының 50 пайыз акциясына иелік етеді. Компания жария саналады және KASE-де листингіленеді және әсіресе, қазіргі реалияда стратегиялық актив саналады. Ұлттық банкпен келіссөз жүргіздік. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Қордың 10 пайыз акциясын сатып алады», — деді ол.

Сондай-ақ, Қорды басқару жөніндегі кеңесте Ахметжан Есімов «Қазақтелеком» компаниясының 10% акциясын БЖЗҚ-ға сатудағы басымдыққа тоқталып өтті.

«Ең алдымен, сату әдісін өзгертудің қажеті жоқ. Компанияның орналастыру дайындығы өте жоғары. Акция құнының өсімі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» табысын арттыратын болады», — деді Қордың басқарма төрағасы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *