АҚШ-тағы бүлік басылмай тұр

104

АҚШ-тағы халықтың наразылығы әлі басылар емес. Қайта күшейіп барады. Қалай айтқанда да, бұл текетірес АҚШ президенті Доналд Трамптың рейтингіне кері  әсер етіп отырғанын ескермесе болмайды.

Ал келер президенттік сайлауға да көп уақыт қалған жоқ. АҚШ-тағы ішкі жағдай осылай ушыға беретін болса, Трамп алдағы президенттік сайлауда сөзсіз жеңіледі.

Ал қара нәсілді жігіт Джордж Флойдты жерге жатқызып, желке тұсынан тізесімен 9 минут басып тұрып, тұншықтырып өлтірген Дерек Шовинге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар тағы да үш полицей қамауға алынды.

Ал қара нәсілді жігітті өлтірген Шовиннің айыбы дәлелденген жағдайда, 10 жылға сотталуы мүмкін..

46 жастағы Джордж Флойдың өлімінен кейін АҚШ-тың барлық өңірінде наразылық шеруі басталды. Билік тәртіпті ретке келтіру үшін Ұлттық гвардия әскерін тартты. Вашингтон мен Нью-Йорк және 40 қалаға коменданттық сағат енгізілді. Бірақ толқу әлі толастамай тұр.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *