«COVID -19 бақылау орталығы» веб-қосымшасын іске қосты

143

2020 жылдың 4 маусымында ҚР ДСМ ҚДСҰО-да ДДСҰ Еуропалық бюросының, Қазақстан Республикасындағы және Қырғыз Республикасындағы ДДСҰ Елдік кеңсесінің, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен COVID-19 бақылау бойынша IT-шешімдерді, атап айтқанда «COVID -19 бақылау орталығы» веб-қосымшасын іске қосу жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының баспасөз қызметі.

Әзірлеушілер мен ҚР ДСМ ҚДСҰО ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, ДДСҰ-дағы әріптестеріне, сондай-ақ Қырғыз Республикасының өкілдеріне веб-қосымшаны көрсетті.

Төтенше жағдайдың алғашқы күндері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандық IT әзірлеушілермен бірге Денсаулық сақтау министрлігінің қолда бар ресурстары негізінде COVID-19 таралуына қарсы бірқатар IT-шешімдерді әзірлеп, іске қосты. Осы шешімдердің бірі «COVID-19 бақылау орталығы» веб-қосымшасын әзірлеу болды. Енді веб-қосымша басқа елдерден келген, сондай-ақ ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарға мониторинг жүргізудің негізгі құралы болып табылады.

осымша 2020 жылғы 10 сәуірде іске қосылды және пайдаланушының ыңғайлылығын ескере отырып әзірленді. Бұл жүйенің мақсаты ҚР аумағында COVID-19 таралуын мониторингілеу және есепке алу болып табылады. Қосымша белгілі бір уақытта ақпарат алуға, пациенттерге бақылау жасауға және оларды есепке алуды жүзеге асыруға, аймақтар мен өкілеттіктер бойынша деректерге қолжетімділікті бақылауға, ауру жұқтырған ошақтарды анықтауға және бақылауға, картада пациенттердің мекенжайын автоматты түрде табуға, байланыс ағашын құруға, терең кастомизацияны қамтамасыз етуге (конструктивтік немесе дизайнерлік өзгерістер енгізу арқылы нақты тұтынушылардың тапсырыстарына өнімді дараландыру) мүмкіндік береді. Ол пайдалануға ыңғайлы, барлық құрылғы түрлерінде бейімделген интерфейс, отырғызу орындарының автоматты картасы, қазақ және орыс тілдерінде локализация бар, ДК-де, сонымен қатар мобильдік құрылғыларда жұмыс істейді. Веб-қосымша басқа елдерден келген, сондай-ақ ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарға мониторинг жүргізу үшін орталық құрал болды. Әзірленген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін веб-қосымша веб-қосымшаны пайдаланушылардан келіп түсетін жаңа күрделі міндеттерді ескере отырып жаңартылады.

ДДСҰ өкілдері қазақстандық тараптың әзірлеген жұмысын жоғары бағалады және веб-қосымшаның функционалдығы мен қолайлылығын атап өтті. Сондай-ақ, ДДСҰ тарапынан қазақстандық әзірлемені басқа елдерде пайдалануды талқылау ұсынылды.

strategy2050.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *