Алматыда жер сілкінісі тіркелді

356

Алматы қаласы Фото: Досжан Балабекұлы / kazgazeta.kz

Сейсмикалық станциялар желісі бойынша 2020 жылғы 06 маусымда Алматы уақытымен 6 сағат 10 минут 52 секундта Алматы қаласы мен Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан  солтүстік-шығыс бағытына қарай 244 шақырым жерде ел аумағында болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша Қапал мен Текелі елді мекендері аралығы жер сілкінісінің ошағы ретінде көрсетілген. Бірнеше секундтқа созылған жер тербелісі талдықорғандықтарға қатты байқалды. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС таратқан ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 244 шақырым жерде, Талдықорғаннан шамамен 50 шақырым қашықтықта болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы — 12,2. Магнитудасы MPV — 6.2. Тереңдігі — 25 метр. Талдықорғанда, Текеліде, Қарабұлақта жер сілкінісі — 4 балл, Алматыда — 2 балл шамасында сезілді.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Полиция Департаментінің ЖБО мәліметтеріне сәйкес, патрульдік кезектегі патрульдік учаскілерде ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай жоқ, жағдай тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түспеген.

«Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қауіпті және сел жүру қаупі бар учаскілерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ. Өзен арналарындағы судың бұлдырлығына сәйкес шектерде, қалыпты ағуда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *