Жоғарғы Сот. Халықаралық кеңесте маңызды мәселелер талқыланды

162

Жоғарғы Сот Халықаралық кеңестің онлайн отырысын өткізді. Оның жұмысына Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Сот төрелігі академиясының және Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің өкілдері қатысты. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов фейсбук парақшасында мәлім етті.

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов ТЖ енгізілген сәттен бастап барлық сот процестерінің қашықтан жүргізу режиміне көшкенін атап өтті. Бұл дегеніңіз — күн сайын орта есеппен 4,5 мың онлайн-процесс. Серверлердің қуаты екі есе арттырылып, байланыстың барлық қолжетімді түрлері қолданылды. Осылайша процеске қатысушыларды вирус жұқтырудан барынша сақтауға әрі сот ісін тоқтатпай жүргізу мүмкіндік болды.

Жоғарғы Сот форс-мажор қағидаты бойынша ТЖ туралы түсініктемені бекітті. Кәсіпкерлер келісім-шарттар бойынша мәмілеге келді. Осылайша, 5 млн. жуық даудың алдын алды. Түсініктемеге судьялар, заңгерлер және мемлекеттік органдар жоғары бағасын берді.

Ж.Асанов бизнес-климатты жақсарту, АПК бойынша ТЖ кезінде істі қарауды кейінгі қалдыруға мүмкіндік беретін заң қабылданатынын айтты.

АПК-ға судьяның процесс кезіндегі белсенділігін арттыруға, АХҚО сотын дамытуға, талап арызды қабылдағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде татуласуға мүмкіндік беретін түзетулер енгізу көзделіп отырғаны, Сенатта Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасының қаралатыны айтылды.

Сонымен бірге Жоғарғы Сот сайтында сот жүйесі туралы маңызды ақпарат қамтылған «Сот төрелігінің ахуалы» жинағының орналастырылғаны туралы да айтылды.

Кеңеске қатысушылар халықаралық практиканы ескере отырып зерделеуді қажет ететін екі тақырыпты – шығарылған сот актілерінің сапасын бағалау өлшемшарттары мен сексуалдық және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны белгілеу мәселелерін талқылады.

Ж. Асанов заңды, негізделген әрі түсінікті шешім шығару – соттың басты міндеті, ал сот актісі – судья жұмысының бірден-бір көрсеткіші деп атап өтті. Жергілікті соттардың жүйелі қателіктерін анықтау үшін сот актілерінің мониторингі енгізілгені және оның мүмкіндіктерін Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия мен Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің пайдалана алатыны туралы аталып өтілді.

Қазақстандағы Халықаралық арбитраж төрағасы, Каспий жеке қоғамдық университетінің Құқық ҒЗИ директоры Майдан Сүлейменов сот шешімінің сапасын бағалаудың негізгі өлшемшарты ретінде оны шығару кезінде заңдылық пен негізділіктің сақталуын атады. Судьяның өмір бойы лауазымында болу мерзімі мәселесі жағымсыз бағалану нәтижесімен шешілмеуі тиіс. Академиктің пікірінше, күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің саны судьяның құзыреттілігі туралы қорытынды жасауға айғақ немесе жеткілікті негіздеме бола алмайды. М.Сүлейменов Қазақстан заңнамасындағы ережелерді дамытқан жөн болар еді деп санайды.

Жоғарғы Сот судьялары Айгүл Сапарова мен Лариса Шепелева енгізілген сот актілеріне мониторинг жүргізу өлшемшарттары туралы әңгімеледі.

«Бағалау – нақты судьяға сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту бойынша ұсыным беруге, судьяның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, кадр резервіне қосуға, қоғамның сенімі деңгейіне нұқсан келтіріп жүрген судьяларды анықтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Шепелева.

Сот төрелігі академиясының ректоры Зәуреш Баймолдина сот шешімінің сапасы судьяға ғана байланысты емес деп есептейді. Оның пікірінше, бұған сот кадрларының даярлау сапасы, құқықтың анықтығы және т.б. әсер етеді. Имплементациялау үшін сотта құқықтық қорғалуын қамтамасыз ететін процестік кепілдіктердің сақталуы, ғылыми негіздеме, сапалы шешім қорғалуы тиіс, шешімдердің орындалуы сияқты шетел соттарының шешімдерді бағалау өлшемшарттары аталды.

GIZ Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, Берлин қ. әкімшілік сотының судьясы Йорг Пуделька мен АХҚО Сотының және Халықаралық арбитраж орталығының тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт ең маңызды құндылықты — судьяның тәуелсіздігі қағидатын сақтауға назар аударды.

«Жоғарғы Соттың бастамасымен соттың жаңа кәсіби ортасын құру бағытында кешенді жұмыс атқарылып жатыр. Бағалау кезінде заңнамалық новеллалармен шектеліп қалмайтымыз жақсы. Бұлар – сот сот актілерінің сапасын жақсартады, ал соттардың жұмысын тексеру тетігі – жалпы сот жүйесін жақсартуға ықпал етеді», — деп атап өтті «KazBar Association» Заңгер кеңесшілері палатасының төрағасы Жұмагелді Елубаев.

Ж.Асанов күн тәртібіндегі екінші мәселенің барлық мемлекеттер үшін өзекті екенін, осыған байланысты халықаралық тәжірибеге мүдделілікті ерекше атап өтті.

Ресейдің Сот төрелігі мемлекеттік университетінің Сот төрелігі проблемаларын зерттеу ғылыми орталығындағы Қылмыстық сот ісін жүргізу проблемаларын зерттеу бөлімінің басшысы Оксана Качалова зорлық-зомбылықтың кең таралған түрлерін, статистикасын атады, РФ ҚК баптары бойынша әрекетті саралау және жазалауға тоқталды. РФ-дағы барлық кісі өлтіру қылмысының 3/1-і отбасында болатынын атап өтті, сарапшы прокуратураны, құқық қорғау және сот органдарының, әлеуметтік қызметтердің және басқа да ведомстволардың отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылы тетіктерін заңнамамен бекіту қажет деп санайды. Оның пікірінше, әйелдерге қатысты және отбасындағы зорлық-зомбылықтың барлық түріне қылмыстық жауаптылық белгіленуі тиіс. Зорлық-зомбылықтың айрықша нысандары бойынша (ізіне түсу және нәпсілік дәмелену) түзету енгізу және ауырлататын мән-жайлар тізімін кеңейту, оған әйелдерге қатысты, оның ішінде ұзақ уақыт бойы және қатыгездікпен жасалған зорлық-зомбылықты қосу ұсынылды. О.Качалованың пікірінше, адамның қылмыстық қудалануына толық жауапкершілікті жәбірленуші алмауы тиіс, негізгі жауапкершілік мемлекетке жүктелуі керек. Қорғау ұйғарымдарын беру тетігін заңнамалық тұрғыдан белгілеу туралы да атап өтті.

Таллин округтық сотының Қылмыстық істер бойынша палатасының және Eurojust қадағалау органының (Гаага, Нидерланды) судьясы Павел Гончаров Эстонияның қолданыстағы Пенитенцияарлық кодексі мен ҚПК жаңа редакциясы күшіне енген сәттен бастап аталған қылмыстардың ешқайсысы жекеше айыптау ісі болып табылмайтынын хабарлады. Демек, қылмыс жасау мән-жайлары анықталған кезде тергеу органы мен прокуратура қылмыстық сот ісін жүргізуге міндетті. Спикер Эстонияда кез келген тұрғын алдын ала жазылмай-ақ жүгіне алатын арнайы қайырымдылық ұйымдары бар.

Жалпы алғанда, жиынға қатысушылар сындарлы пікір алмасты.

Соңында Ж.Асанов ХК-ден келіп түскен ұсыныстар ескеріле отырып, пысықталатынын, ЖС сайтында жарияланатынын және заңнаманы жетілдіру әрі практиканы жақсарту мақсатында Парламентке, Үкіметке және уәкілетті органдарға жолданатынын айтып өтті.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *