Балаларға арналған байқау өтіп жатыр

121

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылдың 4-12 маусым аралығында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай, жасөспірімдер арасында отансүйгіштік пен ұлттық тәрбие беруге бағытталған әлеуметтік желілерде жүректен үн қату (челлендж) байқауын өткізіп жатыр.

Байқаудың мақсаты:

  • Тұғырлы ана тіліміздің құдіретін таныту, барша қазақстандықтарды біріктіруші фактор ретіндегі рөлін насихаттау, оның сұлу әуезділігін бойымызға сіңіру, көркем де айшықты түрде бейнелеу, жас ұрпақтың бойында өз туған тілі үшін мақтаныш сезімін ояту;
  • Балаларды туған тіліне деген құрмет сезіміне баулу, ұлттық нышандарымыз арқылы ұлтжанды тұлға тәрбиелеуге ықпал ету.

Үміткер әлеуметтік желідегі тіркелген парақшаларында, қазақ тілінде, басқа авторлардың мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы шығармаларын немесе осы тақырыптағы өз поэзиялық туындысын бейнебаян жасап жатқа оқып, #tilqazyna, #tilulttynqazynasy деп тегтейді.

Қатысушыларға төмендегішеталаптар қойылады:

  • Байқауға 7-12 жас аралығында балалар ғана қатыса алады.
  • Оқылатын шығарма екі шумақтан, он екі жолдан аспауы міндетті.

Үміткер шығарманы (шығармасын) әлеуметтік желідегі өз парақшасында бейнебаян жасап оқып, Қазылар алқасы бағалау кезінде мына жәйттерді ескереді.

  • шығарманы таңдауы, тақырыпқа сай келуі, көркем мазмұны;
  • төлтуындыға да осындайталаптарқойылады;
  • шығарманыоқукезіндегіәртістікшеберлігі;
  • бейнебаяндытүрлітехникалықтәсілдерменкөркемдейалуы, қосымшамузыкаменәрлеуі;
  • шығарманың, төлтуындыныңкөрсетілгенжолданаспауы;
  • парақшадағыбейнебаяндыкөрушілер саны.

Челлендж жеңімпазы арнайы дипломмен және арнаулы сыйлықпен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *