Алматыда карантин талаптарын бұзғаны үшін 74 нысан жабылды

295

Алматы қаласы. Фото: Досжан Балабекұлы / kazgazeta.kz

Алматыда карантин режимін сақтамағаны үшін 74 нысанның қызметі тоқтатылды, — деп хабарлайды  Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат бойынша, танымал гастробарлардың бірі сағат 23.00-деп кейін жұмыс істеген. Сонымен қатар, келушілер кальян шегіп отырған, карантин кезінде ондайға тыйым салынады.

 «ӘҚБтК 441-бабы «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін және электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу» бойынша хаттама толтырылды. Бұл кафе жабылды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ бірқатар азық-түлік дүкенінде, дәмхана, донер сататын орында, асханаларда және тағы басқа жерлерде тәртіп бұзушылықтар анықталды.

«Атап айтқанда, маска тақпау, қызметкерлерде қолғап, санитайзер, тері антисептиктері, дезинфекциялық құралдардың және термометрия жүргізу журналының болмауы, сондай-ақ, азық-түлікті дұрыс сақтамау сынды тәртіп бұзушылықтар болды», — деп нақтылады баспасөз қызметі өкілі.

Мониторинг тобы жұмыс басталғаннан бері қала бойынша барлығы 2 353 нысанды тексерді, оның ішінде 136 нысан Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарды бұзған. Осыған байланысты 74 орынның қызметі тоқтатылды (оның 56-ы объект басшылығының шешімі бойынша) және анықталған өрескел тәртіп бұзушылықтары бар нысандарға 77 хаттама толтырылды.




One thought on “Алматыда карантин талаптарын бұзғаны үшін 74 нысан жабылды

  1. Артур

    Добрый день Уважаемый аким. Я являюсь индивидуальным предпринимателем и занимаюсь разведением мелкого рогатого скота. С каждым годом по цене все тяжелее приобретать дизельное топливо. Два года назад приобрел МТЗ-82 в КАЗАГРОФИНАНС. Есть ли на данный момент льготы на приобретение ГСМ для ИП сельскохозяйственного направления? в период карантина или вообще? Заранее спасибо за ответ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *