Венецияда су көтеріліп келеді

129

Маусым айындағы судың күрт көтерілуінен Венецияның 25 проценті су астында қалды. Қаланың кей жерлерінде су деңгейі 116 см жеткен.

Венецияның ең әйгілі Әулие Марк алаңы да су астында қалды. Теңізді мониторингтеу агенттігі шектен тыс судың көтерілуі Атлантикадағы теңіз дауылы әсерінен екендігін айтып отыр. Осы дауыл Италияның солтүстігінде күшті желдің тұруына және нөсер жаңбырдың жаууына да себепші болды. La Stampa басылымының атап өтуінше, маусым айында судың күрт көтерілуі өте сирек жағдай. Соңғы 20 жылда бұл судың екінші рет тасуы. Судың маусым айында ең жоғары көтерілуі 2002 жылы тіркелген. Онда су деңгейі 121 см жеткен.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *